Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: 248-ші баспананың кілті табысталды (ВИДЕО)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 07.08.2020 2684 0 пікір
Атырау: 248-ші баспананың кілті табысталды (ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында тапсырылған 248-ші баспана осылайша, Атырау облысы, Индер ауданының Есбол ауылында тұратын отбасына бұйырып отыр.

Үш баланы тәрбиелеп отырған мұқтаж отбасына баспана кілтін Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып тапсырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қайырымдылық қоры арқылы ел бойынша көптеген мұқтаж отбасыларына баспана тапсырылып келеді. Атырау облысы бойынша осы жобасы аясында тоғызыншы баспана беріліп отыр. Бұл бағыттағы қайырымдылық шаралар жалғасады, - дейді А.Ұтысханұлы.

–Барша атсалысқан жандарға, соның ішінде «Иманғали» мешіті ұжымына Алла разы болсын. Шыны керек, құлағалы тұрған үйімізде кішкентай Раяна дүниеге келген уақытта қатты уайымдадық. Үйіміз қыс ішінде құлап қалса қайда баратынымызды елестете алмай жүрдік. Өте қуаныштымыз. Осындай баспана бақыты барша мұқтаждарға бұйырсын, - дейді Рамазановтар отбасы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру