Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қайырымдылық керуені»: Маңғыстауда 300 отбасыға азық-түлік таратылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 06.08.2020 3444 0 пікір
«Қайырымдылық керуені»: Маңғыстауда 300 отбасыға азық-түлік таратылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені белгілі. Осы орайда, ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы «Ізгілер жолы» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» шарасы өтті.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Ізімбайұлының қатысуымен өткен іс-шара аясында тұрмыс жағдайы төмен 300 отбасыға арнайы азық-түлік себеттері (ұн мен макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестірілді.

«Қайырымдылық жасау – қайырлы іс. Мұқтаж жандардың қажетін өтеу – Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі бослын) қалған асыл сүннетіміз. Раббымыз Алла аталмыш іс-шараға атсалысқан барша кәсіпкер азаматтар мен еріктілерге разы болсын», – деді бас имам Ануар Ізімбайұлы.

Шара соңында, мұқтаж жандар еріктілерге алғыс айтып, жасап жатқан игі істеріне ризашылықтарын білдірді.

   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру