Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жас имамға баспана берілді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 04.08.2020 3322 0 пікір
БҚО: Жас имамға баспана берілді

Қасиетті құрбан айт мерекесінде діни басқарманың 30 жылдығына орай Ақжайық төрінде дін қызметкеріне баспана берілді.

Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаев Бәйтерек ауданының Асан ауылына арнайы барып, мешіттің наиб имамы Ерболат Жанболатұлына Орал қаласынан бір бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

Ерболат имам – Жаңақала ауданының тумасы, Астана медресесінің түлегі, екі баланың әкесі. Асан ауылдық мешітінің мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов та ақ тілегін арнап, жас имамның жаңа шаңырағына құт-береке тіледі. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру