Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Халықтың ризашылығына бөленді

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 03.08.2020 377 0 пікір
Қостанай: Халықтың ризашылығына бөленді

Құрбан айт мейрамы өңірімізде ұйымшылдықпен өтті. Белгілі дін қайраткері Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Тәжімбет басқаратын Қостанай облыстық мешіті қызметкерлерінің ұйытқы болуымен бұл мереке ойдағыдай әрі тиісті деңгейде ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан карантинге байланысты мейрам кезінде қойылған барлық талаптар орындалды. Облыс бойынша 106 қой, 32 сиыр, 104 тоқты, 10 ешкі құрбандыққа шалынды.

Сөйтіп, алдын ала көмекке мұқтаж жандардың өтініштері назарға алынып, 1619 адамға сойылған ет таратылып берілді. Таратылған ет 11716 келіні құрады.

Жалпы, қамқорлыққа бөленген отбасылары мен азаматтар Құрбан айт кезіндегі өздеріне көрсетілген көмекке дән риза болып, шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Сонымен, биылғы үлкен айт мерекесіне өңірдегі барлық мешіттерде тыңғылықты әзірліктер жасалып, 3 күнде қаншама жанұялар мен жерлестеріміздің ыстық ықыласына бөленді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі