Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Балалар үйі» назардан тыс қалмады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 01.08.2020 2665 0 пікір
Маңғыстау: «Балалар үйі» назардан тыс қалмады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау өкілдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айттың 2-ші күнінде де қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін еңбек еткендер – Алла жолында жихад қылған әрі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» деген хадистері мен халқымыздың «Жетім көрсең жебей жүр» деген нақылын басшылыққа алған ҚМДБ–ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов бастаған орталық мешіт имамдары Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесіне ат басын бұрып, 150 киллограмм құрбандық етін табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру