Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда қашықтықтан құрбан шалу рәсімі өтті

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 01.08.2020 224 0 пікір
Қарағандыда қашықтықтан құрбан шалу рәсімі өтті

Қарағанды облысы бойынша Құрбан шалу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылды.

Құрбан айт мерекесінде облыс бойынша qurban2020.kz сайты арқылы құрбандық шалуға тапсырыс беріліп, халықтың аманатын орындау үшін арнайы қаладағы қасапханаларда құрбан шалу рәсімі өтті.

Рәсімге ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа арнайы қатысты. Құран оқылып, дұға жасалды. Барлық құрбан шалу толық орындалып болған соң құрбан еті қала мен аудандардағы мұқтаж отбасыларға өтініш түскен мекен-жайлары бойынша жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі