Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ақжайық өңіріндегі Құрбан шалу рәсімі

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 01.08.2020 2270 0 пікір
БҚО: Ақжайық өңіріндегі Құрбан шалу рәсімі

Ақжайық төрінде Құрбан шалу рәсімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев арнайы қатысып, қасиетті Құран Кәрімді оқып, дұға бағыштады.

Облыс бойынша qurban2020.kz сайты арқылы құрбан шалуға 100-ден астам тапсырыс беріліп, тапсырыстарды орындау үшін мешіт қызметкерлері қала шетіндегі «Ел ырысы» ЖШС-де құрбан шалынды. Берілген аманаттар аса ұқыптылықпен орындалып, құрбан шалу рәсімі әлі де жалғасуда.

Облыс бойынша айттың алғашқы күнінде 26 ірі қара, 290 қой малдары құрбан шалынып, әрқайсысына 4-5 келі ет салынған 379 пакеттің 379-ы мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

Өтініш түсіру әлі де жалғасып, отбасы төмен жандарға құрбан еті есігінің алдына дейін жеткізіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру