Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА ЕРІКТІЛЕРІ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТТЕРІН ТАРАТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 31.07.2020 335 0 пікір
ЕЛОРДА ЕРІКТІЛЕРІ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТТЕРІН ТАРАТТЫ (ФОТО)

Айт мерекесі есігімізден енісімен Елорда базарларының бірінде басталып кеткен құрбан шалу рәсімінің көп ұзамай-ақ екінші кезеңі де бастау алды.

Бұл Алла разылығы үшін шалынған құрбандық еттерін мұқтаж отбасылардың қолдарына табыстап, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап шығу болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған Құрбандық акциясы аясында сойылған мал еттері осылайша бірден тиісті мекенжайларына жеткізіліп, ұлық мерекенің мейірін сезіндірді.

Құрбандық еттерін тарату жұмыстарына Елорда мешіттерінің қызметкерлері мен жамағатынан құралған жұмыс тобы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен қаладағы түрлі еріктілер тобы белсене атсалысып, айттың алғашқы күні-ақ қаншама отбасыға қуаныш сыйлады. Айта кетейік, құрбан шалу және тарату рәсімдері ертең де жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі