Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Мешітте бетперде тігу цехі іске қосылды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 09.07.2020 3117 0 пікір
Шымкент: Мешітте бетперде тігу цехі іске қосылды

Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінің өршуіне байланысты Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық бағытта медициналық бетперде тігу цехы іске қосылды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай дайын болған барлық бетперделер алдымен көпбалалы отбасыларға, мешіттерге, қоғамдық қажетті орындарға тегін таратылады.

Айта кетсек, цех жұмысына қалалық «Зекет» қоры қажетті материалдармен көмек берсе, қалалық «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторы тігінші шеберлермен қамтамасыз етуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру