Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Имамдар құрбан шалып, дұға жасады

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 09.07.2020 571 0 пікір
БҚО: Имамдар құрбан шалып, дұға жасады

Әлемді дүрбелеңге салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы қалпымызға жету мақсатында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінде құрбан шалып, дұға ету шарасы ұйымдастырылды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай ұйымдастырылған шараны аудан имамдары жалғастырды. 

Осынау қиын сәттерде шипа мен ем болатын алғашқы амал – мұсылманның дұғасы. Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаев Құран хатым оқып, облыстық қалалық, аудандық мешіттің имамдары мен жамағаты дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі