Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«НҰР-МҮБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.07.2020 3281 0 пікір
«НҰР-МҮБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне жаңа оқу жылына қабылдау емтихандары басталды.

Аталмыш білім ордасының «Исламтану» мамандығына қабылдау емтиханы онлайн режимде өтіп жатыр. Қабылдау комиссиясының құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков те бар. Осы мамандыққа республика бойынша 308 талапкер құжат тапсырса, оның 220-сы онлайн түрде оқуға тапсыруға ниет білдірген.

2020-2021 жылғы жаңа оқу жылына арналған емтихан 13 шілдеге дейін жалғасады. Ал талапкерлерге фиқһ, ақида негіздерінен сұрақтар дайындалып, Құраннан бір сүре оқып беру сынды тапсырмалар беріледі.

Естеріңізде болса, бұған дейін muftyat.kz сайтына берген сұхбатында исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков елдегі карантин жағдайы жалғасса, оқуға қабылдау емтихандарының онлайн өтетітіні жөнінде тілге тиек еткен болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру