Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ОНЛАЙН ҚҰРАН ХАТЫМ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 07.07.2020 984 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ОНЛАЙН ҚҰРАН ХАТЫМ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Онлайн Құран хатым» жобасы басталды. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде қайта іске қосылған жоба аясында Елорда мешіттерінің қарилары қасиетті Құран кәрімді хатым етеді. Игі шара шілде айының 7-сі мен 21-і аралығында күн сайын 12.00 мен 20.30-да «Әзірет Сұлтан» мешітінің инстаграм парақшасында тікелей эфирден көрсетілмек. 

Ай басында өткен жиналыс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстың бас имамдарына санитарлық талаптарды қатаң сақтауды, халыққа психологиялық қолдау білдіріп, көбірек истиғфар, салауат айту және онлайн уағыз-насихат пен Құран хатым оқуды жандандыру жайлы бастама көтерген болатын. Игі бастамаға белсене үн қосқан Елорда қарилары бүгін қасиетті Құран кәрімді хатым етуге кірісті. Естеріңізде болса, онлайн Құран хатым жобасы елімізде карантин режимі енгізілісімен Бас мешітте бастау алып, Нұр-Сұлтан өкілдігінің қызметкерлерінің арнайы кестесі түзіліп, тәулік бойы үзілместен Құран оқылып шыққан болатын. 

Аталмыш жоба енді Елордамыздағы қарилардың қатысуымен қайта жалғасып отыр. Қасиетті Құран кітабын толығымен жаттап, қате-кемшіліксіз оқитынын халықаралық Құран жарыстары мен ғұлама білгірлер алдында абыроймен ақтап шыққан қарилар қатары Елорда мешіттерінде көптеп кездеседі. Солардың қатарында Жұманазар Садырханов, Дінмұхаммед Сманов, Ерлан Базарбайұлы («Әзірет Сұлтан» мешіті), Әділхан Серікбай («Әлжан ана» мешіті), Салмон Абдулхафизұлы («Нұр Астана» мешіті), Кулер Нуреттин («Ғылмани» мешіті), Бағзат Ақжолов («Ақмешіт»), Абдульбасит Хадыршаев («Әл-Ғани» мешіті) сынды Құран үздіктері бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі