Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Құрбан шалып, дұға тіледі

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 07.07.2020 351 0 пікір
Қарағанды: Құрбан шалып, дұға тіледі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің әр өңірінің бас имамына садақа ниетімен құрбандық шалуды ұйымдастыруды тапсырып, елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті ауласында құрбан шалып, ел амандығы үшін Жаратқаннан дұға тілеген болатын.                 

Осындай игі бастама Қарағанды облысына қарасты Ақсу-Аюлы елдімекенінде өз жалғасын тапты. Аймақ тұрғындары екі миллионға жуық қаражат жинап, бір жылқы, бір сиыр және бес қой алып ауыл мешітінің ауласында құрбандық шалды. Ауылдағы жағдайы төмен, көмекке мұқтаж 125 отбасыға ет үлестірілді. Сондай-ақ қайырымдылыққа деп 150 литр қымыз, 140 бөлке нан, 50 отбасына май таратылды.

Жиналған қаражаттың артылғаны әр отбасыға дәрі-дәрмек алуға 20 000 теңгеден үлестірілді. Бұл күні жиналған қауым Жаратушы Иеден дұға тілеп, ел басына қиындық туған осындай алмағайып сәтте Алладан медет сұрады. Құран оқылып, истиғфар мен салауат айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі