Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Торлан» мешітінде 130 отбасыға ыстық тамақ таратылды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.07.2020 2883 0 пікір
Шымкент: «Торлан» мешітінде 130 отбасыға ыстық тамақ таратылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешіті мен «Зекет» қорының өкілдігі құрбан шалып, дұға ету шарасы өтті.

Игі шара аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешітінің бас имамы Ғалымжан қажы Назаров қатысып, әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып кету үшін арнайы салауат, истиғфар айтып дұға етті.

Айта кетсек, бұл шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолға алуымен қаладағы барлық мешіттерде өтіп жатыр.

Игі шара барысында арнайы үш мал шалынып, құрбан еттері 8 мұқтаж отбасыларға таратылды. Және 130 отбасыға ыстық тамақ әзірленіп (палау, нан, тәттілер т.б.) үйлеріне жеткізілді. Сондай-ақ, «Торлан» мешітінің қызметінде жүріп, ауырып жатқан 3 діни қызметкерге алпыс мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру