Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Қуанса, бала қуансын!

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 02.06.2020 2606 0 пікір
ШҚО: Қуанса, бала қуансын!

Балалар мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті «Балаларға тарту» атты қайырымдылық бағдарламасын ұйымдастырды.

Шара аясында этносаябақта 500-ден астам балаға «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қоры атынан балмұздақ, сусындар, тәттілер таратылды.

«Игі шараны Балалар мерекесіне орай әдейі ұйымдастырып отырмыз. Себебі балаларға қуаныш сыйлау – нағыз бақыт» деп атап өтті игі істің ұйымдастырушы, «Зекет» қорының өкілі Аманбол Қуатұлы.

Бұл игі бастама балаларға мерекені шынайы сезіндірді. Балалар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Шара жоғарғы деңгейде өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру