Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Бас имам Сайрам ауданының дін қызметкерлерімен кездесті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 01.06.2020 483 0 пікір
Түркістан: Бас имам Сайрам ауданының дін қызметкерлерімен кездесті

Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді барлық аудандармен онлайн мәжіліс өткізіп болды. Енді аудан аралауды бастады. Арыз-шағымдар қаралып, имамдардың талап-тілектері тыңдалуда. 

Сайрам ауданына сапары барысында Мұсабек Ақтамберді мешіттерде санитарлық нормалардың сақталуын тексерді. Ауданда 112 мешіт бар. Қазір жаңадан үшеуі салынып, бірқатары күрделі жөндеуден өтіп

жатыр. Облыс имамы аудандағы әріптестеріне карантин талаптарын орындауға, мешіттер ашылған соң жамағаттарды талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Имамдар жиналысты 1,5 метр арақашықтықта отырып, бетперде тағып өткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі