Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Балаларға базарлық берілді

Алматы өңірі бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 01.06.2020 2929 0 пікір
Алматы өңірі: Балаларға базарлық берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы аймағы, Талғар аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Нұр» балалар үйінде қайырымдылық шарасы өтті.

Талғар ауданының бас имамы Қажымұхан Қамбарұлы мереке қарсаңында балалар үйіне арнайы келіп, балаларға базарлықтар тарту етті. Карантин талаптарына сәйкес балалар үйінің басшылығымен ғана жүздесудің сәті түсті. 

Шынында айналамызда ғұмырының бақытын өзгелерге жақсылық сыйлаудан тапқан адамдар көп. Солардың бірі «Нұр» балалар үйінің басшысы, елімізге белгілі педагог, ардақты ана Тұяқ Есқожина. Ардагер ұстаз Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына және барша дін қызметінде жүрген имамдарға өз ризашылығын білдіріп, дән риза екендігін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру