Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Бас имам қала мешіттерін аралады

asyldin.kz 30.05.2020 3155 0 пікір
Тараз: Бас имам қала мешіттерін аралады

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Тараз қаласының мешіттерінде болды.

Күмбезі көкпен таласқан, жүзіктің көзінен өткендей көркем, жаңасы бар, көнесі бар 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының мешіттері қандай деңгейде? Жамағатқа қаншалықты жағдай жасалған? Жөндеу жұмыстарын қажет ете ме? Әйелдер жамағаты үшін қандай мүмкіндік қарастырылған? Осындай мәселелерді анықтап, жай-жапсарын байқап, құжаттарды тексеру үшін бас имам Әбу Бәкір ас-Сыддық, Фирдаус, Асым ата, Тектұрмас, Құрал қажы, Сидуаш ата, Намаз ата мешіттерінде болды.

Алла үйінің іші-сыртын аралап, мешіт қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді. Мұнарасынан азаны асқақтаған, мінберінен уағызы үгіт болған шаһар мешіттеріне жақсы баға берген Бейбіт Әліпбекұлы имамдарға ұсынысын айтып, пікірлерін тыңдады. 

Сонымен қатар ғимараттардың тазалығына аса мән беріп, алдағы жұмыс жоспарына қатысты тапсырмалар жүктеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру