Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен имамдары Рамазанды қорытындылады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі qalam.kz 27.05.2020 2765 0 пікір
Өскемен имамдары Рамазанды қорытындылады

ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігі қасиетті Рамазан айын қорытындылады.

Өкілдік қасиетті Рамазан айында төтенше жағдайға байланысты онлайн уағыз-насихат кестесін шығарып, бейнеуағыздар тізбегін халыққа ұсынды. Уағыздарда адамгершілік құндылықтармен қоса, ар мен иман, Абай тағылымы, қайырымдылық жайлы айтылды. Онлайн байланысқа елімізге танымал дін ғалымдарымен имамдар қатысып, исламнан өзекті әңгіме өрбітті. Сонымен қатар «Зекет» қоры, «Халал Даму» өкілдері халыққа осы бағытта түсінік берді. Қасиетті Рамазан айында 153 онлайн сұхбат өтті.

Қайырымдылық шараларына да аса маңыз берілді. Рамазан айы көлемінде өңір бойынша 2203 отбасыға азық-түлік берілді. Яғни 10636 адамға көмек көрсетілді.

Жасалған шаралар туралы ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Қасиетті Рамазан айында бірқатар іс-шаралар өткіздік. Төтенше жағдай және карантин талаптарын сақтай отырып, қашықтан уағыз-насихат жүргізу, қайырымдылық заттарын жеткізіп беру, ас-ауқат тарату бойынша белгіленген межеде жұмыс атқарылды. Жасаған іс-шараларымыз халықтың көңілінен шықты» деп атап өтті.

Сонымен қатар мешітте жамағаттың сауалдарына жауап беретін «Ақпараттық орталық» өз жұмысын үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қасиетті Рамазан айында «Халифа Алтай» мешітіне кілем төселсе, бірқатар ауандарда медресенің, мешіт жанынан баспанаың құрылыстары басталып кетті.

Өкілдіктің жылдық жоспары бойынша өңірде шаралар өз кезегімен іске асып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру