Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Жұлдыз мешітінде 30 отбасыға азық-түлік таратылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 27.05.2020 2914 0 пікір
Атырау: Жұлдыз мешітінде 30 отбасыға азық-түлік таратылды

Қасиетті айт мерекесінің құрметіне Атыраудағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Бас мүфтидің бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып жатқан «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасы қамтылды.

«Мешітіміз қамқорлықты қажет ететін көп балалы отбасыларға азық-түлік таратты. Қиын – қыстау заманда қашанда мұқтаж жандардың қасынан табылған бауырларымызға Алла разы болсын! Осынша көп нығметті бізге беріп отырған Аллаға сансыз шүкірлік айтуымыз керек» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің бас имамы Айтжан Абдиров.

Еске сала кетелік, Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан мешітте өткен қайырымдылық шарасына жастар жамағаты атсалысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру