Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Қадір түнінде өткен онлайн іс-шаралар

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі 22.05.2020 2369 0 пікір
Қостанай: Қадір түнінде өткен онлайн іс-шаралар

Қостанай өңірінде төтенше жағдайға байланысты мешіттер әлі ашылмағандықтан, Қадір түніне орай өткен іс-шаралар онлайн түрінде жүзеге асырылды.

Қостанай облыстық мешітінің бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет «Instagram» желісінде жамағатқа «Қадір түнін қалай өткіземіз?» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.

Жұртшылыққа еркін құлшылыққа уақыт берілгеннен кейін викториналық сұрақ бойынша жауап ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлыққа діни кітаптар берілді.

Осы қасиетті Рамазан айында өңірдегі алғаш иджаз алған қари Мұртаза Балахмет Ертайұлы Құран кәрім «YouTube» арнасында тікелей эфирде орындаған болатын. Сол толық оқылған Құранның онлайн түрінде батасын облыстық мешіттің Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы мен наиб имамдары батасын жасады.

Сонымен қатар Бахытбек Нұрғабылұлының қатысуымен Facebook, Instagram желілерінде сұрақтарға жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру