Кеше «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы екінші жыл қатарынан Қадір түнінен тікелей трансляция жасады.
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне ат басын тіреген ұлттық арнаның көшпелі студиясы екі жарым сағат тынбай хабар таратты. Мемлекет, қоғам қайраткерлері, дін мамандары, әдебиет және өзге сала өкілдері қонақ болған хабарда ізгі тілек те айтылды, танымдық ақпарат та берілді.
Бұдан бөлек, ұлттың үні болған «Qazaq radiosy» да Қадір түнінің құрметіне сағат 18.10-нан бастап әуе толқынында арнайы хабар таратқанын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Рамазан айы басталғалы күн сайын тікелей эфирде «Ораза қабыл болсын» бағдарламасын көрермен назарына ұсынып келеді. Бағдарламаға ҚМДБ мамандары қатысып, көрерменнің сауалына жауап беріп жүр.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.05.2020
4456
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру