Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 21:53:56

17 Тамыз 2026

4 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Тараз: Исламтанушы түлектерге қызмет орындары ұсынылды

Тараз: Исламтанушы түлектерге қызмет орындары ұсынылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 18.05.2020 3674 1 пікір
– | A | +
Тараз: Исламтанушы түлектерге қызмет орындары ұсынылды

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов республика аумағындағы діни оқу орындарын тәмамдағалы отырған жамбылдық түлектермен кездесті.

«Һибатулла Тарази» медресесінде өткен жиынға биылғы 2020 жылғы түлектермен қатар 2019 жылдың бітірушілері де қатысты.  

Қазіргі таңда Жамбыл облысынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін 11, Сарыағаш медресе-колледжін 17, Әбу Ханифа медресе-колледжін 2, Шымкент медресе-колледжін 2, Үшқоңыр медресе-колледжін 7 және Һибатулла Тарази медресесін 14 шәкірт тәмамдағалы отыр. Жалпы биыл 53 шәкірт маман атанып, дипломдарын қолға алмақ. Осы түлектердің ішінде 16 студент Жамбыл облысында қызмет істеуге дайын.

Кездесуде бас имам Бейбіт Әліпбекұлы түлектерге діни қызметтің абыройлы, әрі жауапкершілікті талап ететін үлкен іс екендігін жеткізді. Бас имам түлектердің жеке пікірлерін тыңдап, оларға қызмет орындарын ұсынды.

Атап айтсақ, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы, «Тұрғани» мешітіне ұстаз, Тараз қаласы, «Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешітіне, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбай тегі Зиябек» аудандық мешіті, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көкөзек ауылы, «Жантай ата» мешіті, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы, «Рәпілбек ата» мешіті, Тараз қаласы, «Әзіреті Али» мешіті, Жамбыл облысы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, «Байзақ баба» аудандық мешіті, Талас ауданы, Тамды ауылы, «Тәңкібай ата» мешітіне ұстаздық қызметке, ал "Салы молда" мешіті, Тараз қаласы, «Кеңесхан қажы» мешіті, Тараз қаласы, «әл-Фирдаус» мешітіне наиб имам қызметтеріне кадр қажет.

Әзірге ұсынысты қабыл алған 16 түлек дипломдарын қолға алған соң осы мешіттерге орналастырылып, алдағы уақытта қалған түлектер де қызметпен қамтамасыз етіліп, оларға жан-жақты қолдау көрсетілетіні жеткізілді.

 

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Жайдары | 18.05.2020 12:31

+0

Сіздермен қалай байланысса болады?

Администратор | 20.05.2020 08:08

+0
Сайтымызда байланыс нөмірлері, почта көрсетілген. Соған хабарласыңыз.

Соңғылар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026 2865
БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

13.08.2026 499
Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

Петропавл қаласы маңындағы мұсылман зираттарынан Qamqor-Sharapat орталығына жер секторлары бөлінбек

13.08.2026 466
Петропавл қаласы маңындағы мұсылман зираттарынан Qamqor-Sharapat орталығына жер секторлары бөлінбек

Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

13.08.2026 255
Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

Маңғыстауда асабалармен «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында жиын өтті

13.08.2026 470
Маңғыстауда асабалармен «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында жиын өтті

Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026 945
Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3