Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 19:09:38

24 Қазан 2026

13 Жұмадәл әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Тараз: Онлайн брифинг өтті

Тараз: Онлайн брифинг өтті

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 20.04.2020 3064 0 пікір
– | A | +
Тараз: Онлайн брифинг өтті

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚМДБ Жамбыл облысының бас имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың қатысуымен Рамазан айына байланысты онлайн брифинг өтті. 

Баспасөз мәслихатын «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Арай», «Ғұмыр дария», «Знамия Труда» газеттері мен «Қазақстан Тараз», «77» арналарының тілшілері онлайн тамашалады. Шарада Рамазан айының артықшылығы, мұсылман халқының аталған айды тойлауы, ондағы сауаптар мен ерекшеліктер сөз болып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа үндеуі жеткізілді. 

«Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға тырысады. Ораза пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Биыл исі мұсылман жұртшылық асыға күткен қасиетті ай 24 сәуірде басталады. Ораза айт мерекесі 24 мамырда аталып өтіледі. Қадір түні – 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні» - деп атап өтті Бейбіт Мырзагелдиев.

Сондай-ақ бас имам бүгінгі күллі әлемді аузына қаратып, уайым мен сарсаңға салған індет коронавирус пандемиясы салдарынан мешіттерде жамағатпен намаз оқуға уақытша тыйым салынғанын, тарауықтың мешіттерде оқылмайтынын еске салды. "Биыл пітір садақасы жан басына 370 теңге болып бекітілді. Ал биылғы підия мөлшері оразаның әр күні үшін 1700 теңге деп бекітілді. Карантинге байланысты Kaspi қосымшасының «Пітір» бөлімі қосылып, пітір садақа аударуға мүмкіндік туып отыр» деді Жамбыл облысының бас имамы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Атырау: 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

23.10.2026 331
Атырау: 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Атырауда дін қызметкерлері марапатталды

23.10.2026 394
Атырауда дін қызметкерлері марапатталды

Атырауда мереке қарсаңында құран хатым оқылды

23.10.2026 226
Атырауда мереке қарсаңында құран хатым оқылды

Маңғыстауда қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді

23.10.2026 558
Маңғыстауда қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді

Маңғыстау: Бас имам балалар үйіне барды

23.10.2026 392
Маңғыстау: Бас имам балалар үйіне барды

Қостанай: Мешіт аулалары тазартылды

23.10.2026 472
Қостанай: Мешіт аулалары тазартылды


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3