Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Бас имам радиобағдарламаға қатысты

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 29.03.2020 2665 0 пікір
Павлодар: Бас имам радиобағдарламаға қатысты

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыстық «Халық радиосының» тікелей эфирінде өтетін «Руханият» бағдарламасына қатысты.

Бас имам бағдарлама арқылы бүгінгі таңдағы адамзатты алаңдатып отырған коронавирус туралы тілге тиек етіп, халықты сабырлыққа, үйде отыруға және Үкіметтен беріліп жатқан нұсқауларды орындауға шақырды.

Сонымен қатар дәл қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып іске асып жатқан «Жүрек жылуы» қайырымдылық науқаны туралы түсіндіріп, осы сауапты іске үлес қосуға шақырды.

Сөз соңында бас имам:

–Қиындықтан кейін міндетті түрде жеңілдік бар. Қараңғы түн артынан күлімдеп күн шығарын, қыстың қатты аязынан соң жадырап жаз келерін де ескеріңіз. Бұл ақиқат туралы қасиетті Құранның «Инширах» сүресінде: «Демек, әрбір қиындықпен бірге, сөзсіз, жеңілдік бар», «Иә, рас, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар»,-деген. Иманды да ақылды адам әрбір сәтін ақыреті мен дүниесінің пайдасына шешеді. Ендеше сіз де қазіргі ауыртпалық, қиындық сәттерді де ақыреттік және дүниелік пайдаңыз үшін қолдануға тырысыңыз, - деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру