Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Бетперделерді тегін таратты

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 29.03.2020 2205 0 пікір
Орал: Бетперделерді тегін таратты

Күллі әлемді тіксіндіріп отырған коронавирус індеті күн санап өршіп келеді. Осыған орай Орал орталық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша Әйел-қыздар секторы игі іс-шара қолға алды.

Сектор жетекшісі Анаргүл Демеуотованы ұйымдастыруымен мешіт жанындағы әйелдер діни сауат ашу курсы шәкірттері бетперде тігуді қолға алды. Олар осындай қиын уақытта аса қажетті бетпердені өз қолымен көптеп тігіп, қала жұртшылығына 250 данасын тегін беруде.

–Қайырымдылық – асыл дініміздің ең басты бағыттарының бірі. Сауапты іс жасап, қиындықта адам баласына қол ұшын созу – исламнан. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеттеріне «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» деп өткен. Ел басына түскен сынаққа сабырлықпен қарсы тұрып, жамағат арасында ауызбіршілік пен еңбектің маңыздылығын барынша түсіндіріп жатырмыз, - дейді Орал орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру