Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 29.03.2020 2166 0 пікір
Маңғыстау: Мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

ҚМДБ-ның Маңғыстау аймағы өкілдігі «Зекет» корпоративтік қорының қолдауымен және жергілікті «Біз адамбыз – біз біргеміз» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған имамдар тобы Ақтау қаласында белгілі мекен-жайы жоқ баспанасыз жандарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету акциясын өткізді.

Игі шарада 50 шақты адамға, оның ішінде қамқоршыларынан айырылған жалғыз басты қарттар мен мүгедектер, зағип жандарға ыстық тамақ пен медициналық бетперделер үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру