Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мешіт қызметкерлері зейнеткерлерге дәрі алып берді

amin.kz 28.03.2020 2583 0 пікір
Атырау: Мешіт қызметкерлері зейнеткерлерге дәрі алып берді

Атырауда "Бейбарыс сұлтан" мешіті қызметкерлері зейнет жасындағы аналарымызға дәрі-дәрмек алып берді.

Әрі бұл күні қала көшелерінде жүзге жуық көп реттік маскалар тұрғындарға тегін таратылды. Игі шара ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған "Қайырымдылық керуені" жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.

"Осындай қысылтаяң шақта бір-бірімізге демеу болуымыз керек. Алла разылығы үшін жасалып жатқан игілікті істен қоғам үлгі алса екен дейміз. Жер бетінде асқан жылдамдықпен таралып жатқан қауіпті вирустан қорғану мақсатында дәрігерлер берген нұсқаулықпен бірге үнемі дұға жасап, жақсы амал атқаруымыз керек" деді мешіт имамы Ержан Қағазғалиев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру