Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Имамдар Бас мүфти үндеуіне үн қосты

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.03.2020 393 1 пікір
Ақтөбе: Имамдар Бас мүфти үндеуіне үн қосты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы күллі мұсылман қауымын бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қарсы дұға жасап, дін қызметкерлерін құран хатым түсіруге шақырған еді. Бұл үндеуді Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби қажы Оспан бастаған өңір имамдары да бірауыздан қолдауда.

 Қалалық және аудандық мешіттердің имамдарынан екі топ құрылып, аптасына екі Құран Хатым оқылып жатыр. Кешегі қасиетті жұма күні ақтөбелік имамдар атышулы індетке қарсы Құран Хатым оқып, бата жасады. Құранды толық оқып шыққан дін қызметкерлері Алла Тағаладан барша адамзат баласын жұқпалы індеттен сақтауын тілеп, еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Erali | 30.03.2020 09:39

Аллаһ разылығы мен жасаған дұға тілектер қабыл болсын.

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі