Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: Блок бекеттерде ыстық тамақ таратылды

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі halaldamu.kz 28.03.2020 464 0 пікір
Халал Даму: Блок бекеттерде ыстық тамақ таратылды

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанабіл Жұмабеков пен жергілікті «Зекет қоры» өкілдігі облыс аумағындағы блок бекеттердегі әскери және медицина қызметкерлері мен жолаушыларға ыстық тамақ таратты.

Ел-жұртты алаңдатқан қиын-қыстау күнде халықтың амандығы үшін қызмет етіп жүрген блок бекеттердегі қызметкерлер мен жолаушылар дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

«Халал Даму» және «Зекет қоры» қызметкерлері Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жолдаған үндеуін жүзеге асырып, елді дүрбелеңге салған COVID-19 дертінен шипа сұрап, елімізге амандық тілеп дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі