Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Бас имам онлайн уағыз айтты

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.03.2020 3082 0 пікір
Ақтөбе: Бас имам онлайн уағыз айтты

Елімізде карантин жариялануына байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жоспарға сай мешіттердегі ақшам уағызы онлайн жүйеге көшірілді.

Осыған орай, Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспан 25 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 19.00-де «Карантин жайлы шариғатта не дейді?» тақырыбында алғашқы онлайн уағызын жүргізді.

Тікелей эфирде Төлеби Дәділұлы жергілікті жамағатқа «Карантин жайлы шариғат не дейді? Той-садақаларды өткізуге бола ма? Карантин кезінде бағаны өсірсе не болады?» деген өзекті тақырыптарда әңгіме қозғап, қарапайым көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға шариғат тұрғысынан мазмұн-мағыналы жауап қайтарды.

Сондай-ақ, қазіргі Әлемде дүрбелең туғызған коронавирустың алдын алу үшін, «Қазақстанда және көрші елдердегі жұқпалы індетке байланысты шығарған пәтуаларында не айтылған?» деген сұрақ төңірегінде нақты да жан-жақты түсініктеме берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру