Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖҰҚПАЛЫ ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАН МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.03.2020 3465 1 пікір
БАС МҮФТИ ЖҰҚПАЛЫ ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАН МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұқпалы індеттен қайтыс болған марқұмның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы атынан қайғыларыңызға ортақтаса отырып, көңіл айтамын. Алла Тағала марқұмды мейіріміне бөлеп, алдынан жарылқасын. Иманы саламат болғай. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде жұқпалы індет кезінде сабыр сақтап, тек Аллаға тәуекел етіп, тағдырға иман еткен мұсылманға шейіттің сауабындай сауап жазылатынын айтқан. Марқұмға осындай сауап жазылуын Жаратқаннан үміт етеміз. Қазаның арты қайырлы болғай. Әмин» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Айта кетсек, елімізде жұқпалы індеттен 64 жастағы Ақмола облысының тұрғыны қайтыс болғаны туралы қаралы хабар тарады. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етіп, еліміз пен жерімізді өз панасында сақтағай.  

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Erali | 30.03.2020 09:33

Ассаломалейкум. Аллаһ өз раһымына бөлесің.

Сұрайын деп едім, осындай аурумен қайтыс болған адамдардын жерлеу мәселесің қарастырып жатырсыздарма? 

Қай жағдаймен жерленеді, жуу және жаназа, жерлеу мәселесі. Сақ болу мақсатында пәтуа шығарсаныздар.