Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Бекет ата» мешіті бетперде тігуді қолға алды

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 24.03.2020 2703 0 пікір
Маңғыстау: «Бекет ата» мешіті  бетперде тігуді қолға алды

Бүкіл әлемді дүрбелеңге салған короновирус індетінің алдын алу және тұрғындарды сақтандыру шаралары Ақтау қаласында да жоспарлы түрде жүргізілуде.

Көптеген мекемелер мен еріктілер бетперделер тігіп, тегін таратып жатыр. Осындай ізгі іс – Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде облыстық «Әйел-қыздар» секторы өкілдігінің ұйымдастыруымен қолға алынуда. Сапалы матадан кәсіби түрде тігілген бетперделер Ақтау мешітінің қызметкерлерін толық қамтып отыр.

–Қайырымдылық – асыл дініміздің ең басты бағыттарының бірі. Сауапты іс жасап, қиындықта адам баласына қол ұшын созу – исламнан. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеттеріне «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» деп өткен. Ел басына түскен сынаққа сабырлықпен қарсы тұрып, жамағат арасында ауызбіршілік пен еңбектің маңыздылығын барынша түсіндіріп жатырмыз, - дейді Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

Ақтау мешітінің қызметкерлері бетперде тігу үшін сапалы мақта мата мен медициналық зарарсыздандырылған дәкені қолданып отыр. Әлемді шарлаған вирустан сақтанудың бір құралы – бетперделердің дәріханалардан ізім-қайым жоғалып, қат дүниелердің қатарына қосылғанына да біраз болды. «Әйел-қыздар» секторы тігілген бетперделерді облыстың басқа мешіттеріне таратуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру