Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Біз біргеміз» акциясына үн қосты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 23.03.2020 185 0 пікір
ШҚО: «Біз біргеміз» акциясына үн қосты

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және өңірлік «Зекет қоры» Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің атынан қайырымдылық шарасын жасады.

Іс шара Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Біз біргеміз» акцясы аясында мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру мақсатында жасалды. Қайырымдылық шарасына Өскемен қаласында тұратын тұрмысы төмен 50 отбасы қамтылды.

Іс-шара туралы «Зекет қорының» өкілі Аманбол Хуатұлы:

«Тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде азық-түліктің қайырымдылығын жасап отырмыз. Осындай қиын-қыстау уақытында бір-бірімізді қолдау аса маңызды. Қайырымдылық акциясына үн қосу жүйелі түрде жалғасын таба береді» деп атап өтті. Азық-түлік салынған пакеттер көмекке зәру отбасылардың үйіне жеткізіліп берілді.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке өз ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі