Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы имамдары Құран хатым дұғасын жасады (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 23.03.2020 2745 0 пікір
Алматы имамдары Құран хатым дұғасын жасады (ФОТО)

Бүгін, төрткүл дүниені үрейге салған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің жасаған үндеуіне үн қосу мақсатында, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай және қала имамдары Құран хатым оқып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.

Бәрімізге белгілі, бірнеше айдан бері жаман аурудың алдын алуға адамзат баласы түрлі шаралар байқап көруде. Мәселен, дүние ғылымдары аурудың емін анықтап, сол арқылы науқастарды емдеуге, індеттің бетін қайтаруға барын салса, билік өкілдері тұрғындардың амандығын ойлап елдімекендерге карантин жариялауда. Ал дін өкілдері болса, ауруды жаратқан, себептердің себепкері болған Алла Тағалаға жалбарынып, үздіксіз Құран хатымдар мен түнгі намаздарын оқып, әлем халқы мен ел-жұртымыз үшін тынбай дұға етуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру