Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Шәкірттер Абай шығармашылығына ден қойды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 03.03.2020 2251 0 пікір
Абай-175: Шәкірттер Абай шығармашылығына ден қойды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған қыздар арасында «Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті» тақырыбында рухани-мәдени кеш өткізді. Кешті «Әнет баба» мешіті жанындағы Әйел-қыздар секторының жауапты өкілі, ұстаз Арай Бакирова ұйымдастырды.

Кеш барысында Абай шығармаларынан сайыс өтті. Жарыс халқымыздың біртуар тұлғасы Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдерін оқудан басталып, ғибратты насихатпен жалғасты. Арай Бакирова студенттер мен мешіт шәкіртеріне қазақ қызына тән инабаттылық, ибалық пен әдептер, мұсылман бойында болуы тиіс сипаттар жайында насихат айтты. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан жандарға сыйлықтар тарту етілді. Аты аңызға айналған ата-бабаларымыздың өшпес өнегелерімен сусындау арқылы бүгінгі жастың санасына рухани құндылықтарды дарыту басты мақсат. Бұл басқосу – соның айғағы.

Осындай шара Жезқазған аймағында да «Абай және Ислам діні» тақырыбында әйелдер жамағаты арасында өткізілді. Мұнда да ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, оның даналығын, рухани асыл мұрасын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп жеткізу көзделді. Рухани кеш Құран оқумен ашылып, кейін Абай Құнанбайұлының өмірбаяны қысқаша таныстырылды. Сонымен қатар Абай өлеңі мәнерлеп оқылып, күй тартылды. Кеш соңында Абайдың қара сөздерінің шариғатпен ұштасуы талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру