Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам Арал ауданының әкімімен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 28.02.2020 2397 0 пікір
Қызылорда: Бас имам Арал ауданының әкімімен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевпен кездесті.

Қасиетті жұма күні Арал ауданына арнайы сапармен келген Бас имам Болатбек Ұласқанұлы алдымен аудан әкімшілігінің ғимаратына ат басын бұрды.

Аудан басшысы Мұхтар Әуесұлымен өткен сұхбат барысында екі тарап аудандағы діни ахуал мен қоғамдық мәселелерді шешу жолдары жайлы сөз қозғады. Жат ағым жетегінде кетудің алдын-алу, ұрпақ тәрбиесі, діни тұрақтылықты сақтау турасында өзара ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта да ел игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

Сонымен қатар, сапар кестесіне сәйкес, бас имам бастаған білікті имамдар тобының  аудандық орталық мешітте және ауданға қарасты Аманөткел, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттеріндегі мешіттерде жұма намазын өткізу, жергілікті жамағатпен, белсенді жастармен сұхбаттасу және облыстағы Халал өнімдерді сертификаттау бөлімі бойынша кәсіпкерлермен кездесу, «Зекет» қорының ұйымдастыруымен қайырымыдылық шарасын өткізуі күтілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру