Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Жастарға Абай тағылымының дінмен ұштастығын түсіндірді

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті 28.02.2020 151 0 пікір
Абай-175: Жастарға Абай тағылымының дінмен ұштастығын түсіндірді

Жетісу мемлекеттік колледжінде ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің жастар ісі секторының меңгерушісі Ерлан Бердібеков «30 игі шара» аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын дәріптеу мақсатында «Абай тағылымының дінмен ұштастығы» тақырыбында студенттерге дәріс өткізді.

Жиынның мақсаты болашақ ерікті жастарға Абай тағылымын, лирикасынындағы діннің рөлін насихаттау.

Кемеңгер Абай кемелдікке жеткен шағында иман (қазақша – Құдайға сенім), оның тағатқа (құлшылық қылу амалдары) қатысы және Тәңіріні тануды басты деп біліп, осы мәселелерді танып-білуге ден қойған болатын. Және оны өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне арқау еткен.

Шара барысында көптеген құнды дүниелер мен бала Абайдың медреседен бастап, тұлға болып қалыптасуына әсер еткен өзекті мәселелер, отбасы, әжесі Зеренің тәрбиесі жайында да сөз қозғалды.

Сұрақтар қойып, белсенділік танытқан студенттерге «Өнер Қырандарының» рухани кешіне билеттер сыйға берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі