Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұқтаждарға зекет таратып, сырқат қарияның халін білді

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі 28.02.2020 1957 0 пікір
Мұқтаждарға зекет таратып, сырқат қарияның халін білді

Талдықорған өңіріне қарасты Үштөбе қаласында «ҚМДБ-ның 30 жылдығына – 30 игі іс-шара» жобасының аясында 100 отбасына азық-түліктей зекет таратылды.

«Зекетті жария беру – жасырын бергеннен жақсырақ емес пе?! Ендеше, парызын орындап, мал-мүлкінің хақысын берген Руслан Қадыров бауырымыздың, «Үштөбе», «Динара» және «Бакуля» дүкендерінің иелерінің Алла Тағала мал-дүниелерін арттырып, берекелі етсін! Осындай сауапты іске мұрындық болып бай мен кедейдің арасына «көпір» салып жүрген Қаратал аудандық «Зекет» қорының өкілі Қанат Сарқытбайұлына Алланың нұры жаусын!» дейді ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігінің мамандары.

Сонымен қатар «Зекет» қоры өкілдігінің мамандары Үштөбе қаласына жасаған жұмыс сапарында 96 жасқа келген соғыс ардагері, бүгінде сырқатпен сыналып жатқан Ахметжанов Тұрарбек ақсақалдың халін білмекке ауруханаға арнайы бас сұғып, қарт ардагердің батасын алып, оған жүрегінің тыныштық табуы үшін Алладан шипа тілеп, дұға жасап қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру