Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Ұстаздар жалақымен қамтамасыз етілуде

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 27.02.2020 384 0 пікір
Шымкент: Ұстаздар жалақымен қамтамасыз етілуде

Шымкент қаласы «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» ашылып, жұмыс жүргізіп келеді.

Көптеген іргелі жұмысқа қаржы тапшылығы бірден байқалады. Осындай олқылықтың орнын реттеу үшін аталған орталық жетекшісі әрі «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің директоры Мұхамеджан Естеміровтың бастамасымен курс ұстаздарының жалақысын тұрақты демеушілер арқылы шешугемұрындық болды.

Аталған бастамаға алғашқылардың бірі болып елімізге белгілі, бүгінде «Сарыағаш» медресе-колледжі сынды іргелі оқу орындарына тұрақты демеушілік жасап жүрген «Жаннатул Фирдауси» қайырымдылық қорының басшылығы қолдау білдірді.

Айта кетсек, бүгінде «Жаннатул Фирдауси» қайырымдылық қоры діни кітаптар шығаруға, түрлі деңгейдегі Құран жарыстарының өтуіне жәрдем беріп, жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасап келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі