Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Meat Mall қасапханасы тексерілді

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 27.02.2020 2726 1 пікір
Қостанай: Meat Mall қасапханасы тексерілді

Еліміздің барлық өңірінде жалғасын тауып жатқан ақпан айының кезекті тексеріс жұмыстары Қостанай облысында да өз жалғасын табуда. ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Алишер Балахмет өз аймағына қарасты Meat Mall жеке шаруашылық серіктестігіне қарасты «Алтын ет» қасапханасында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын ҚМДБ халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақ қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процестердің бәрінде халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы қадағаланды.

Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында ҚМДБ Халал стандарты талаптарын бұзу немесе сақтамау жағдайлары анықталмады. Естеріңізге сала кетсек, бұрын Beafstream атауымен тіркелген қасапхана  қазіргі уақытта Meat Mall атауына өзгертілді.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Gulbakyt Bermanova | 27.02.2020 05:31

Алматыда Алтын орда базар маңайы тексеріледі ма?