Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісайда 2 баспана ел игілігіне берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 27.02.2020 2353 1 пікір
Жетісайда 2 баспана ел игілігіне берілді

Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықовтың бастамасымен Қазыбек би ауылында 12 баспана салу бастамасы көтерілген еді. Сол мақсатта арнайы «Баспанаға жол» қоры құрылып, көпшіліктің көмегімен құрылыс қарқын ала бастады.

Алғашқы 2 баспана ел игілігіне берілді. Екі баспананың кілтін үй иелері Қарлығаш Дүкенов пен Назира Киікбаеваға Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек табыстады. Пәтерге қолы жеткен олардың қуанышында шек жоқ. Үш бөлмелі, жасау-жабдығы мен коммуналдық жүйелері түгел жүргізілген үйге кірді.

Шарапатты шараға аудан әкімі, меценат Бахараддин Аблазимов, мешіт жамағаттары куә болды. Жомарттық жасаған жетісайлықтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Игі іс – ҚМДБ-ның 30 жылдығына қосқан аудан жамағатының тартуы.

Ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов қол ұшын созған азаматтардың баршасына ризашылық білдірді.

 

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Әйгерім Назар | 27.02.2020 12:14

Аллам иманы берік азаматтарымыздың санын көбейтсін!ИншАлла