Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Төрт отбасы баспаналы болды

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 22.02.2020 3339 0 пікір
Төрт отбасы баспаналы болды

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай «30 игі шара» жобасы бойынша «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында кезекті баспана иелері белгілі болды.

«Зекет» қайырымдылық қорының басшысы Талғат Сейіткәрімұлы Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде жиналған мұсылман қауымға уағыз-насихат айтып, «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясының 176, 177, 178, 179-ші үйлерінің кілтін табыстады.

Баспана кілттері Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылының тұрғындары Алпыс Мұхаев  (жалғызбасты әке, 4 баласы бар), Рамазан Ақжол (көпбалалы отбасы), үйі өртеніп кеткен Айтақын Баққожаев (көпбалалы отбасы) және Қарасай ауданы Көксай ауылының тұрғыны Маржан Арғынбаеваға (көпбалалы отбасы) бұйырды. Баспаналы болған жандар «Зекет» қорының қызметкерлері мен имамдарына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ қайырымдылық шарасы соңында ҚМДБ-ның «30 игі шара» бастамасы аясында 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру