Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 21.02.2020 6487 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні елорда төріндегі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа бас имам тағайындалды.

Жұма намазына жиылған жамағат алдында ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров Бас мүфти бұйрығын оқып, жаңа бас имамды таныстырып өтті.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығы бойынша республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің және ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бас имамы болып Жүсіпов Ерболат тағайындалды. Бас мешіт жамағатына жаңа бас имам жайлы қысқаша мәлімет беріп өткен наиб мүфти Ерболат Жүсіповті жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі. 

ЖҮСІПОВ ЕРБОЛАТ НҰРЫЛДАҰЛЫ 

1977 жылы 8-желтоқсанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Үйленген, 3 баласы бар. 

БІЛІМ ЖОЛЫ: 

1995-97 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ совхозы «Таяқты ишан» мешіті жанындағы медреседе діни сауатын ашқан. 

1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған.

2001-03 жылдары Сирия, Дамаск қаласындағы шетелдіктерге арналған араб тілі институтының толық курсын аяқтаған. 

2012-14 жылдары «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған. 

2014-16 «Нұр Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік білім алып шыққан.

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ: 

2006-12 жылдары ШҚО, Өскемен қаласы мешіттерінде ұстаз болып қызмет атқарған. 

2013 жылы Мысыр еліндегі әл-Азһар университетінде тәжірибелік жетілдіру курсынан өткен. 

2015 жылы Малайзия Теренгану қаласындағы «Сұлтан Зайнуль Абидин» университетінде тәжірибелік жетілдіру курсынан аяқтаған. 

2013-16 жылдары Алматы қаласы, Алатау аудандық «Заря Востока» мешітінде наиб имам қызметін атқарған. 

2016-19 жылдары Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, «Нұртай» Орталық мешітінің бас имамы болып жұмыс жасаған. 

2019-2020 жылдары республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарған. 

2020 жылдың 21 ақпанынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы.

 

МАРАПАТТАРЫ: 

2016 жылы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Алғыс хатымен» марапатталған. 

2017 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының «Жыл адамы» атағын иеленген. 

2018 жылы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру