Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Әйелдерге адал ас жайында насихат айтты

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 21.02.2020 2496 0 пікір
Қостанай: Әйелдерге адал ас жайында насихат айтты

Таяуда ғана Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде әйел жамағатына адал ас туралы уағыз-насихат жүрді. Мешіттің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев «Дұғаның қабыл болуы – адал астан» деген тақырыпта берері мол басқосу өткізді.

Онда көтерілген тақырыпқа орай «Е» қоспалары кездесетін азық-түлік, тіпті тәтті тағамдардың құрамында бар қоспалар жайлы мәліметтер берілді. Әйелдер көп жайды көңілдеріне түйді.

Бір қуантарлығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» өнімдерінен жасалған тағамдарды бақылау мен тексерістері нәтижесінде қоспасыз әрі күмәнсіз тағам тізімдері күн сайын артып келеді. Себебі еліміздің барлық аймағынла орналасқан үлкенді-кішілі ас дайындайтын орындардың қатарында мұсылман қауымының талабына сай халал тамақ әзірлейтін мейрамханалар саны айтарлықтай өскен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру