Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: «Менің Абайым» байқауы қортындыланды

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 14.02.2020 2737 0 пікір
Абай-175: «Менің Абайым» байқауы қортындыланды

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаевтың бастамасымен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақ халқының ұлы ойшылы, философ, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Менің Абайым!» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Сайыстың мақсаты Абай Құнанбайұлының әрбір қара сөзінен, өлең-жырынан және оның асыл қасиеттерінен үлгі алу, шығармаларын терең насихаттау, жас ұрпақты рухани бай болуға, ұлттық рухын жігерлендіруге шақыру, өлеңді мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың қабілетін шыңдау.

Байқауда 244 қатысушы бақ сынады. Үміткерлердің өнерін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ аға оқытушысы, РҺD философия докторы Айдарбек Ақболатов, Құрманғазы атындағы саз колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы Ақмарал Оразқызы, Орал гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы Әлия Мәлікқызы, ҚМДМ-ның БҚО бойынша жастар ісі секторының жетекшісі Бейімбет Дүйсенәлі бағалады.

Жарыс нәтижесі бойынша әділқазылардың шешімімен Бас жүлделерді М.Шулумов (Теректі ауданы, 10-сынып) және А.Нарегеев (№47 мектеп, 10-сынып) иеленді.  Бірінші орынға қалалық №1 орта мектеп оқушысы (8-сынып) Н.Нұрланұлы және көру қабілеті бұзылған мектеп-интернат оқушысы Ж.Турашев (10-сынып) ие болды. Екінші орынға Казталов ауданының оқушысы (8-сынып) Н.Аманғалиева, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының оқушысы М.Ізмұхан (8 сынып), ал үшінші орынға Подхоз мекенінің 8-сынып оқушысы, Ф.Басарова №44-мектеп-гимназия оқушысы Г.Шибинтаева, (№48 мектептің 7-сынып оқушысы С.Темірхан, Қазталов ауданының 8-сынып оқушысы Ә.Хайреденов ие болды.

Айта кетейік, мәнерлеп оқу байқауына облыстық, қалалық мешіттер қолдау көрсетіп, жүлделі орындарға демеушілік жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру