Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Халал стандарт дәрісі өтті

«Жылыой Мұсылмандар» мешітінің баспасөз қызметі 14.02.2020 2161 0 пікір
Атырау: Халал стандарт дәрісі өтті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек қажы Ұтысқанұлының тапсырмасы бойынша Атырау облысы бойынша «Халал стандарттау» саласына жауапты, Атырау қалалық «Құспан Молла» мешітінің бас имамы Ғұмаров Эммат Сұлтанғалиұлы Жылыой ауданына арнайы іссапармен келді.

Осы шара аясында халал сертификат қалай алуды, қандай құжат тапсыруды, қандай бақылау болатынын және жауапкершілігі туралы түсінік берілді. Сапаға сай келіп жатқан жағдайда «Халал» сертификаты беріледі.

«Мал союдың өзіндік шариғи ережесі бар. Әрбір қасапшы осы талаптарға мұқият болуы керек. Бүгінгі таңда халал ет өнімі ең көп тұтынылатын өнімге айналып келеді. Өйткені халық таза тағамның адам денсаулығана пайдалы екенін түсінді. Ғалымдардың өзі шариғат талабымен сойылған еттің адам ағзасына пайдасы көп екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан, мал сою ісіне асқан жауап кершілікпен қарау қажет» деді Эммат Ғұмаров.

Халал стандарт бөлімінің өкілі аталған бөлімнің тыныс-тіршілігі, бағыт-бағдары жөнінде мағлұмат берді. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру