Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мерейтойға арналған көрме өтті

https://azan.kz/ 28.01.2020 2559 0 пікір
Алматы: Мерейтойға арналған көрме өтті

Алматыдағы Әбу Бәкір мешітінде Жастар ісі секторы еріктілердің қатысуымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған көрме өткізді.

Биылғы жылды тарихи оқиғаларды жандандыру жылы деп атасақ болады. Өйткені биыл әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750, Хәкім Абайдың 175 жылдығы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуын ерекше аталып өтеміз.

Осы тұрғыда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялағанын ескере отырып, еліміздің еріктілеріне Қазақ жерінің тарихи орындарын насихаттап, сол арқылы дүние жүзіне әйгілі ету мақсатында ерікті жастарға «Алтын Ордаға 750 жыл» атты тарихи және рухани шара өткізілді. Сонымен қатар, ерікті жастарға ХІІ-ХІХ ғасырлардағы ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қолданған бұйымдар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Мұхаммед Хайдар Дулати: «Тарих – ата-бабаларымыздың дүние танымы» дегеніндей Қазақ халқының бастауы – Алтын Орданы бір жыл ғана еске алып, қалған уақытта ұмыт қалдыру өткен тарих алдында ұятты іс екені анық. Осындай асыл құндылықтарымыздың бағасын арттыру сіз бен біздің рухани дүниеміз бен отансүйгіштігімізге, атадан қалған аманаттардың қадіріне жете білу сезіміне байланысты екені даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру