Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде «Өмір сыйла» акциясы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.01.2020 171 0 пікір
Өскеменде «Өмір сыйла» акциясы өтті

Өткен жұмада Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығымен» бірлесіп қан тапсыру шарасын ұйымдастырды.

«Өмір сыйла» деген атпен өткен бұл акцияға мешіт қызметкерлерімен қатар көптеген жамағат қатысып, қан тапсырды.

Шараны ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин:

«Қасиетті жұмада өткізілген игі шара нәтижесі талай адамның жанына араша болары сөзсіз. Біз осындай игілікті істі жиі ұйымдастырып келеміз» деді.

Облыстық «Қан орталығы» мамандары игі бастамасы үшін мешіт басшылығына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі