Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде өңірлік семинар өтіп жатыр (Фото)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.01.2020 2317 0 пікір
Өскеменде өңірлік семинар өтіп жатыр (Фото)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде аудан, ауыл имамдарына Пәтуа мәселесінен арнаулы семинар өтіп жатыр.

Іс-шара аудан, ауыл имамдары бөліспен қатысып, зират әдебі, жаназа және жерлеу рәсімдерін бір қалыпқа түсіру, науқандарда ысырапшылдыққа жол бермеу қатарлы мәселелерден дәріс тыңдауда. Сонымен қатар семинарда имамдар өз ой пікірлерін біріктіріп, өңірде жасалатын діни рәсімдерді бірізді болдыру бағытында нақты тұжырымдама әзірлеп жатыр.

 Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы, пәтуа маманы Қанат Дауылбаев:

«Пәтуаларды халыққа насихаттау, ел арасна жеткізу, салт-дәстүрімізді насихаттай отырып, жерлеу рәсімдерін оңтайландыру бағытын ұстанып отырмыз. Осы шараны өңір имамдарымен талқылап, бір жүйеге түсіру бағытында жұмыс істеп жатырмыз» деп атап өтті.

Ол сонымен қатар зираттарды бір стандартқа түсіру, зират әдебін насихаттауды қолға алып отырғандығын жеткізді. Аудан, ауыл имамдары бұл бағытта халықтың да пікір-ұсынысын ескеріп отыр. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру